Әйгілі Кабирхан: Қазақстандық сәйгүлік бәйгеде топ жарды
Дубайдағы Al Maktoum Challenge Presented by Longines бәйгесінде қазақстандық тұлпар Кабирхан мәреге бірінші жетті, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
1900 метр қашықтықтан тұратын бәйгеге 12 тұлпар қатысты. Шабандоз Патрик Доббс мінген қазақстандық сәйгүлік Кабирхан 1 минут 57 секундта мәре сызығын бірінші болып жетті.
Осылайша Батыс Қазақстан азаматы Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Мими Какуши, Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло секілді әйгілі сәйгүліктерді басып озды.
Фото: Dubai Racing Club
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.