Канада Ресейге жаңа санкциялар енгізді - Exclusive
Поддержать

Канада Ресейге жаңа санкциялар енгізді

Канада билігі Ресей Федерациясының мұнай-газ, химия және өнеркәсіптік секторларына қатысты тағы бір санкция енгізді.

– 2022 жылдың 14 шілдесінде Канада Ресейдің мұнай–газ, химия және өңдеу өнеркәсібіне өндірістік қызмет көрсетуге тыйым салатын арнайы экономикалық шаралар туралы ережелерге қосымша түзетулер енгізді, – делінген құжатта.

Тізімге осы секторлардың сегіз саласы қосылды. Құжатта Канада азаматтары мен компаниялары Ресей тарапына металл өнімдерін, автомобильдерді, компьютерлік, электронды және оптикалық өнімдерді, электр жабдықтарын, құбырларды өндіруге байланысты қызметтер көрсетуге тыйым салынатындығы айтылған.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *