Канвон-2024: Полина Омельчук қола жүлдегер атанды
IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында шорт-тректен финалда бақ сынаған Полина Омельчук қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Қытай спортшылары Ли Жинзи (1:40.803) мен Янг Жингру (1:40.996) бірінші және екінші орынға жайғасты. Ал отандасымыз Полина Омельчук (1:41:600) Қазақстан қоржынына қола жүлде салды.
– Қазақстан құрамасының қоржынында екінші медаль бар!
Шын жүректен Полинаны құттықтаймын! Алған бетіңнен қайтпа, сені әлі де биіктерден көретінімізге сенімдімін, – деді Ермек Маржықпаев.
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Олимпиаданың 2 күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 қола жүлде бар.
Фото: Сали Сабиров
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.