Каримовтың үлкен қызына тиесілі 131 млн доллар Өзбекстанға қайтарылады
Швейцария Гүлнәр Каримоваға тиесілі 131 миллион долларды Өзбекстанға қайтарады.
Өзбекстан Әділет министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл қаржыға БҰҰ-ның қатысуымен елдің тұрақты дамуы қоры ашылған.
– Бұл Гүлнәр Каримова бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың бұрын заңсыз сатып алған және Швейцарияда заңдастырылған 131 млн долларды (шамамен 1,4 трлн сум) Өзбекстан халқына қайтаруға мүмкіндік береді, – деп жазылған хабарламада.
Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнәр Каримова мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен түрмеде отыр. Сондай-ақ, оның шетелдегі активтері бұғатталған.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет