Ya Metrika Fast


English version

Kcell, Tele 2 және Beeline ұялы операторларына қатысты тергеу басталды

Контекст дня — 27 декабря 2023 15:15
0
Изображение 1 для Kcell, Tele 2 және Beeline ұялы операторларына қатысты тергеу басталды

Kcell, Tele 2 және Beeline ұялы операторларына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік шарт түрлерін, баға динамикасын тексеріп, ұялы байланыс операторлары тарифтік жоспар бағасын 7,7%-дан 57,3%-ға арттырғанын анықтады.

– Күнтізбелік жылы бәсекелестікке қарсы ымыраға келу белгілерінің бірнеше рет табылуына байланысты агенттік «Кселл» АҚ, «МТ-С» ЖШС (Tele2/Altel) және «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ұялы байланыс операторларына қатысты Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша тергеу жұмыстарын бастады, – деп жазылған хабарламада.


Айта кетейік, бұған дейін осы операторлар арасында тарифтік жоспарда бір минуттық қоңырау мен бір SMS үшін сөйлесу құнын белгілеу арқылы (осы қызметтердің бір бірлігіне ақы алуды қарастыратын) ымыраға келу әрекетінің белгісі (Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы) анықталған еді.

Фото: Турар Казангапов


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.