Ким Чен Ын Ресейге қолдау білдірді
КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Ресей күніне арналған құттықтау хатында Ресей Федерациясына қолдау білдіретінін айтты.
Бұған дейін Ким Чен Ын Жеңіс күніне орай құттықтауында Ресей мен КХДР достық қарым-қатынасы одан әрі дамитынына сенім білдірген.
– Ресей халқы әр түрлі қиындықтар мен мәселелерді жеңе отырып, өз елінің қадір-қасиеті мен қауіпсіздігін қорғаудың әділ ісін жүзеге асыруда үлкен жетістіктерге жетті. Корей халқы оған толық қолдау білдіреді, — деді Ким Чен Ын.
Солтүстік Корея басшысы Ресей президентіне денсаулық және орыс халқына амандық тіледі.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет