Ким Чен Ын Солтүстік Корея әскерін соғысқа дайын болуға шақырды
Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын әскери және қару-жарақ өндірушілерге соғысқа дайын болу керектігін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Кореяның орталық телеграф агенттігінің сайтына сілтеме жасап.
Еңбек партиясының Орталық Комитетінің пленумында Ким Чен Ын Солтүстік Корея армиясы соғысқа дайындық жұмыстарын күшейтуі керек екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ пен оның одақтастарының «қарсы әрекетіне»байланысты қарулы қақтығыс қаупі күшейген.
– Ким Чен Ын соғысқа дайындықты одан әрі жеделдету үшін Корея Халық Армиясының, Әскери өнеркәсіп, ядролық қару және азаматтық қорғаныс салаларының алдына жауынгерлік міндеттер қойды, – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ол бес жылдық жоспарды орындау үшін 2024 жылды «шешуші жыл» деп атады.
Фото: Риа



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.