Үкімет диқандардан бидай сатып алуға 31 млрд теңге бөлді
Үкімет шаруаларды қолдау бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр. Үкімет резервінен отандық аграрийлерден 4-ші, 5-класты және классыз бидай сатып алу үшін қаражат бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Құжат Тоқаевтың биыл қолайсыз ауа райынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау бойынша жедел шараларды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде қабылданып отыр.
– Атап айтқанда, қаражат Азық-түлік корпорациясының қазақстандық аграрийлерден 350 000 тонна 4-ші, 5-класты және классыз бидайды тікелей сатып алуына бөлініп отыр. Қаражат көлемі 31 млрд 375 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта өткен жылдан қалған көлем мен ішкі тұтынуды ескере отырып, жиналған өнім отандық нарықты қамтамасыз етуге және белгілі бір көлемде экспортқа, оның ішінде ұн түрінде жөнелтуге жеткілікті, – деп жазылған хабарламада.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2023 жылы Үкімет АӨК-ті субсидиялауға барлық көздерден 494 млрд теңге, оның ішінде Үкімет резервінен өсімдік және мал шаруашылығын субсидиялауға қосымша 60 млрд теңге бөлді. «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бағытталды.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.