Контрабанда: Қазақстаннан Ресейге әскери киім өткізбек болғандар ұсталды

Қазақстаннан Ресейге әскери киім-кешектерді контрабандалық жолмен өткізуге тырысқандар ұсталды, деп хабарлайды Exclusive.kz «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.
– Қайрақ автомобиль өткізу пунктінде әскери бас киімдер мен тактикалық рюкзактарды заңсыз әкетудің жолын кесті. Жүк бөлімінде киім-кешек жатқан «Газельді» Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері ұстады, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, тауардың ілеспе жүкқұжаты болмаған. Жедел іс-шаралардың қорытындысы бойынша, кінәлілер жауапкершілікке тартылады және жүк мемлекет меншігіне қайтарылады.
Коллаж: Exclusive.kz
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.