Ya Metrika Fast


English version

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы: Қошанов Тоқаевқа есеп берді

Контекст дня — 5 января 2024 17:50
0
Изображение 1 для «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы: Қошанов Тоқаевқа есеп берді

Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдап, Мәжілістің заң шығару қызметі туралы баяндаманы тыңдады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Қошановтың айтуынша, сессия басталғалы бері 35 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының жүзеге асырылуын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану, бизнес жүргізу, тәлімгерлік пен балалардың қауіпсіздігі, денсаулыққа зиян келтіретін жұмыс орындарында еңбек ететін азаматтарды арнайы төлемақымен қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін құжаттар қабылданғанын айтты.

Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы қазіргі уақытта депутаттардың қарауында 69 заң жобасы жатқанын және оның үштен бір бөлігіне Мәжіліс депутаттары өздері бастамашы болғанын атап өтті.


Тоқаев Мәжілістің 2023 жылы атқарған жұмыстарына оң баға берді. Президенттің айтуынша, қабылданған заңдар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді. Бұдан бөлек еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыру бағдарына қатысты негізгі шараларды жүзеге асыруды көздейтін заңдарды қабылдау қажет екеніне назар аударды.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.