Ya Metrika Fast


English version

Ұлттық құрама мергендері тағы 4 жүлде иеленді

Контекст дня — 14 января 2024 16:30
0
Изображение 1 для Ұлттық құрама мергендері тағы 4 жүлде иеленді

Нысана көздеуден Индонезия астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 4 медаль түсті, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Винтовкамен 50 метрден жатып оқ ату бойынша Ұлттық құрама спортшылары Арина Алтухова (626,8 ұпай) чемпион атанды, Александра Ле (618,4 ұпай) қола жүлдеге ие болды, ал Елизавета Безрукова (617,2 ұпай) 4 орынды иеленді. Осылайша Қазақстан ұлттық құрама спортшылары алтын жүлде жеңіп алды.


Бұдан бөлек тапаншамен 25 метрден нысана көздеу бойынша Никита Чирюкин (568 ұпай) үздік үштік қатарына кіріп, қола медаль иеленді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.