Мұрат Темірханов: Парламентке кәсіби мамандар келуі керек - Exclusive
Поддержать

Мұрат Темірханов: Парламентке кәсіби мамандар келуі керек

Қазіргі таңда Қазақстан парламентіне популистер емес, кәсіби мамандардың келуі маңызды. Темірханов Мұрат кәсіби экономист және қаржыгер ретінде, 10 жыл бойы Қазақстандағы нақты экономикалық реформаларды белсенді қолдап келеді.

Оның әрбір мақаласы қоғамда үлкен резонанс тудырып, биліктің оның сынымен ұсыныстарымен санасуға мәжбүрлейді. Ол экономикалық реформалардың бірден-бір жүйелі тұжырымдамасының авторы, оның негізгі мақсаты нақты, ойдан шығарылған нарықтық экономика емес. Барлық реформалардың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Өткен онжылдықтар көрсетіп отырғандай өнімділігі жоғары, тиімді, нарықтық экономикасыз мүмкін емес. Бұл «ресурстардың қарғысынан» құтылудың жалғыз жолы.

Қазақстан өз дамуының бастапқы кезеңінде-ақ нарықтық экономиканы сәтті құрды, алайда мемлекеттің мұнайдан түсетін түсімдері қарқынды өсе бастағаннан кейін, Тұңғыш Президент, оның отбасы және олармен жақын байланыстағы адамдар Қазақстан экономикасын «қағидасына» сәйкес қайта құруға кірісті, яғни «бәрі бізге, ал қалғанына заң бойынша». Бұл қағида нарықтық экономика мен заңдылықтың негіздерін жойып, елдегі сыбайлас жемқорлықты тудырды. Қазақстанда нарықтық экономиканың орнына мемлекеттік-бай-бағланды экономикалық жүйе құрылды.

Индустрияландыру, ауыл шаруашылығын дамыту, өңірлерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға жұмсалған қыруар қаржы өз нәтижесін бермей отыр. Банктерді сауықтыруға жұмсалған триллиондаған теңге жай ғана ұрланды, ал банк жүйесі бизнесті қаржыландырудағы рөлін төмендетуді жалғастыруда. Елде шағын және орта бизнестің және халықтың орта табы өте баяу өсуі, инфляция мен пайыздық мөлшерлемелердің, сондай-ақ тұрақты девальвацияға бейім теңгенің өсуі байқалуда.

Қайғылы қаңтар оқиғасы «бәрі бізге, ал қалғанына заң бойынша». Деген қағиданың жойылуына әкеліп соқты, енді әміршіл-әкімшіліктен нарықтық экономикаға нақты көшуге мүмкіндік туды. Сот жүйесінің, ақша-несие және банктік реттеушілердің нақты тәуелсіздігінсіз, салық және бюджет саясатындағы, зейнетақы жүйесіндегі реформаларсыз, қаржы нарығын дамытудың жаңа тәсілдерінсіз, оның негізгі функциясы – бизнесті несиелендірусіз реформалар мүмкін емес. Осы шаралардың барлығы мемлекеттің экономикадағы үлесінің төмендеуіне әкелуі тиіс.
Үміткердің бағдарламасында осы мәселелерді шешуге арналған нақты қадамдар бар, онымен сілтеме арқылы танысуға болады, сондай-ақ оның Facebook парақшасында.

Саяси реформаларға келетін болсақ, Темірханов Мұрат Қазақстандағы биліктің үш тармағы – атқарушы, заң шығарушы және сот билігінің НАҚТЫ бөлінуін және теңгерімділігін жақтайды. Бүгінде Қазақстан Президентінің елімізде демократиялық қоғам құруға ұмтылып жатқанына ешкімнің шүбәні жоқ. Алайда, демократиялық қоғам шеңберіндегі мемлекет пен мемлекеттік биліктің мәні елді және азаматтарды кез келген саланың монополиясынан қорғауға арналған тежемелік және тепе-теңдік жүйесі принципіне тікелей байланысты. Мемлекет билігінің барлық тармақтары бір-бірінен тәуелсіз болғанда ғана өзекті мәселелерді тиімді шеше алады. Қазақстан үшін күшті және тәуелсіз парламент пен тәуелсіз соттың болуы аса маңызды.

«Мен дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ұстанамын. Біз бақытты отбасымыз, бес немере сүйіп отырмыз. Мен келешек ұрпағымызға гүлденген Қазақстанды қалдырып, олар туған жерін мақтан етсе деймін. Экономика маманы ретінде,осы жылдар ішінде мен реформаларды жүзеге асыру механизмін ойластырдым. Сондықтан мен елдің гүлденуімен қатар халықтың әл-ауқатын арттыру үшін НЕ істеу керек және ҚАЛАЙ істеу керектігін білемін!».

Алматы қаласы No3 сайлау округі бойынша (Алатау және Әуезов аудандары) ТЕМІРХАНОВ МҰРАТ ҮШІН ДАУЫС БЕРУ АРҚЫЛЫ СІЗ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТКЕ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ЖЕКЕ ӨКІЛІҢІЗГЕ ДАУЫС БЕРЕСІЗ! Мәжіліс депутаттығына кандидат – Темірханов Мұрат Рахжанұлы Алматы қаласының No3 бір мандатты сайлау округі (Алатау және Әуезов аудандары).

Алматы қаласы бойынша №3 бір мандаттық округтан Мәжіліс депутаттығына кандидат Темірхановтың М.Р. сайлау қорының қаражатынан төленді




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *