Мәсімовтың қамауда ұстау мерзімі ұзартылды - Exclusive
Поддержать

Мәсімовтың қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловтың қамауға алу мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, Дәулет Ерғожиндікі 13 тамызға дейін ұзартылды.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімовтің пара ретінде алып, шетелге асырған заңсыз активтері (3 млн доллар) Қазақстанға қайтарылды.

ҰҚК тергеу-жедел тобы Кәрім Мәсімов, Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожинге және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі – Мемлекетке опасыздық жасау – қарулы қақтығыс кезінде жау жағына өту, тыңшылық.

ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 3-бөлігі – Билікті басып алуға немесе ұстап қалуға үгіт-насихат немесе жария түрде шақыру.

ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы – Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті заңдастыру.

ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы – Ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану.
ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі – Аса ірі мөлшерде пара алу.

Фото: Sputnik




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *