Мәжіліс депутаты «Алаш күнін» атап өтуді ұсынды - Exclusive
Поддержать

Мәжіліс депутаты «Алаш күнін» атап өтуді ұсынды

Депутат Берік Дүйсенбинов Мәжілістегі жалпы отырыста 12 желтоқсан күні мемлекеттік деңгейде жыл сайын Алаш күнін атап өтуді ұсынды.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдап, 1917 жылы желтоқсанда Әлихан Бөкейханов Алаш республикасы үкіметінің төрағасы болып сайланғанын еске салды.

Депутаттың пікірінше, бүгінде ХХ ғасырдың басында қазіргі қазақ мемлекетін құруға ұмтылған Алаш қайраткерлерінің рөлін насихаттау қажет.

– Биыл Алаш республикасының құрылғанына 105 жыл толды. Естеріңізге сала кетейін, 29 маусымда «Ақ жол» фракциясы бұл датаны мемлекеттік деңгейде атап өтуді талап еткен депутаттық сауал жолдаған болатын. Алайда, Үкімет бұл мәселені өкілетті министрліктерге тапсырғаны туралы жүре жауап берді. Сонымен, өкінішке қарай, бұл тарихи дата тағы да атаусыз қалды, – деді депутат Берік Дүсенбинов.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.