English version

Мұхтар Тайжан митинг ұйымдастырғаны үшін қамауға алынды

Контекст дня — 12 апреля 2023 18:10
0 -1

Қоғам белсендісі, саясаткер Мұхтар Тайжан 9 сәуірде Алматыда рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Бұған дейін Мұхтар Тайжанды полиция қызметкерлері үйінен алып кеткені туралы айтылды.

– Достар, полиция үйіме келіпті, әкетіп бара жатыр 488 бабымен. 09.04.23 митинг үшін. Алаңдамаңыздар, жауапкершілікке дайынмын деп айттым, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, 9 сәуір күні сайлаудың ресми нәтижесімен келіспеген «Халық Парламентінің» өкілдері митинг өткізген еді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.