Мәжіліс депутаты Шүкіжанова не себепті отставкаға кеткенін айтты
Парламент Мәжілісінің депутаты Динара Шүкіжанова не себепті мандатын тапсырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Шүкіжанова қызметінен өз еркімен кеткенін атап өтті. Депутаттар қаулы жобасын қолдап дауыс берді. 93 депутаттың 91 қолдап дауыс берді, екі депутат қалыс қалды.
– Мен өз еркіммен кетіп барамын. Алғашында партияда ауыс-түйістерді жақтайтынымызды, партиялық тізім аясында ротация болуы керек екенін айттық. Бір жылға жуық партияның тең төрағасы, бір жылға жуық Парламент Мәжілісінің депутаты болдым. Мен партияның тең төрағасы болып қала беремін. Халықтың әрі бизнестің мүддесін қорғай беремін, – деді Динара Шүкіжанова.
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.