Ya Metrika Fast


English version

Мемлекеттік қаражаттың тиімді игерілуіне қатысты бақылау күшейеді

Контекст дня — 22 декабря 2023 16:50
0
Изображение 1 для Мемлекеттік қаражаттың тиімді игерілуіне қатысты бақылау күшейеді

Мемлекеттік қаражаттың тиімді игерілуі бойынша бақылау күшейеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Бүгін Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен кеңес өтіп, АӨК-те қайта өңделген өнімдердің үлесін арттыру мәселелері қаралды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, алдағы жылдары ет, бидай, сүт және басқа да шикізатты өңдеу жобаларына басымдық беріледі.


– Премьер-Министр мемлекет әрі қарай да ауыл шаруашылығын дамытуға кешенді қолдау көрсететінін атап өтті. Бұл ретте негізгі мақсаттардың қатарында сапалы азық-түлік өндірісін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын құру шаралары бар, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов мемлекеттік қаражаттың тиімді игерілуіне бақылауды күшейтуді талап етті.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.