Мемлекеттік стипендиядан Елбасы атауын алып тастау ұсынылды
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тұңғыш Президент — Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы стипендиясының атауын өзгертуді ұсынды. Тиісті бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Жарлыққа сәйкес «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы» деген атау «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия» деп өзгертіледі.
– «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 — бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: мәдениет саласында мемлекеттік стипендия беру қағидалары бекітілсін, — делінген жоба тұжырымдамасында.
Стипендияның мөлшері бұрынғыдай 174 900 теңге болады.
Комментариев пока нет