Министрлік: Қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері – 120 838 теңге
Қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері – 120 838 теңгені құрайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
ҚР Еңбек министрлігінің 1 желтоқсандағы есебіне сүйенсек, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 трлн 33,7 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 930,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 103,1 млрд теңге қарастырылды.
– 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 328 мың адам. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 838 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 950 теңге, базалық зейнетақы – 37 888 теңге. Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 100% белгіленеді, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
Фото: gov.kz
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.