Ya Metrika Fast
English version

«Мирас» халықаралық мектебі дәстүрлі «ALMAFEST» фестивалін өткізді

Контекст дня — 19 сентября 2022 18:00
0

Алматы қаласы ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша қала күнін күзде атап өтеді. Жыл сайын бұл мереке күні үлкен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Қалада концерттер мен көрмелер, жәрмеңкелер мен фестивальдар өтеді.

Қала тұрғындары үшін қыркүйек үлкен қуаныш! «Мирас» халықаралық мектебінің оқушылары да бұл мерекені асыға күтеді, бұған көптеген себеп бар.

Изображение 1 для «Мирас» халықаралық мектебі дәстүрлі «ALMAFEST» фестивалін өткізді

Алматы қаласы күні мен Халықаралық бейбітшілік күнін тойлау құрметіне,
жыл сайын қыркүйек айында Мирас халықаралық мектебінде «Miras ALMAFEST» атты қайырымдылық фестивалі өтеді.

Осы іс-шара аясында тақырыптық сынып сағаттары мен байқаулар, балалар жұмыстарының көрмелері болады. Алма жинауға арналған бұрыштар қойылады. Көптеген жылдар бойы оқушылар жинаған дәмді, шырынды және хош иісті алмалар Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты жанындағы балалар онкология орталығының пациенттеріне беріледі.

Халықаралық Мирас мектебіндегі фестиваль апталығы флеш моб және пикникпен аяқталады. Бұл жыл да дәстүр сақталып, қала күні қарсаңында балалар онкология орталығына жиналған алмаларды алып келді.

Изображение 2 для «Мирас» халықаралық мектебі дәстүрлі «ALMAFEST» фестивалін өткізді

Оқушылар бұл шарадан керемет әсер алғандарын айтты:

– Бұл сапарымыз менің жүрегіме қатты әсер етті. Бұл маңызды оқиға. Балалар ауыр дертке қарамастан көңілді болды, көздерінен үміт байқалады. Қандай да бір жолмен көмектесу керек, – дейді 8 сынып оқушысы Әнел Әбдірахманова.

Изображение 3 для «Мирас» халықаралық мектебі дәстүрлі «ALMAFEST» фестивалін өткізді

Аннатола Хайралдин 9 сыныпта оқушысы. Ол онкологиялық орталықты бірінші рет өз көзімен көрді. Оқушы өзі және сыныптастары үшін басқа адамдарға қуаныш сыйлау маңызды екенін атап өтті.

Баланың күлкісі үшін

– Біздің балаларымыз бірнеше жылдар бойы ауруханада болуға мәжбүр. Бірақ олар аяушылықты қажет етпейді. Олар адамдармен қарым-қатынасты қалайды. Күні бойы диагноз, емдеу, талдау туралы ойлайды. Ал адамдар келгенде, әңгіме басқа арнаға бұрылады. Келушілер бұл балаларды емдей алмайды, бірақ оларға қуаныш сыйлап, ауруын жеңілдетеді. Ауырсынудан, химиядан шаршаған балалар үшін 1 сағаттық күлкі қымбат. Оларға сырттан адамдар келгеннен кейін лейкоциттері (қорғаныс жасушалары) көтеріледі, өйткені бұл қуаныш гормоны, – деді 40 жылдық тәжірибесі бар балалар онкология орталығының жетекшісі Анна Быковская.

Балалар онкология орталығының жетекшісі жобаның жыл сайынғы акция екенін атап өтті.

Айта кету керек, Халықаралық Мирас мектебі жыл сайын қайырымдылық акцияларын үлкен ынтамен өткізеді. Мұндай акциялар оқытушылар мен оқушыларды ғана емес, олардың ата-аналарын да жақындастырады. Мирас мектебінің тәлімгерлері осындай іс-шаралардың арқасында балалар мейірімді және жауапкершілігі мол болатынына сенімді.

Халықаралық мектептің қосымша білім беру қызметтері орталығының директоры Мирас Құрбанованың айтуынша, мектепте қайырымдылыққа көп көңіл бөлінеді.

– Біз оқушылардан тек талап етілетін академиялық білім алып қана қоймай, өмірде қажетті қасиеттерді, мейірімділікті пен шынайылықты дамытуы маңызды деп санаймыз, – деді Құрбанова.

– Біздің “Мирас” мектебінде балаларды мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында жыл сайын көптеген қайырымдылық акциялары өткізіледі. Биылғы оқу жылы “Алма фест” акциясымен басталды. Осы акция біздің мектебімізде дәстүрге айналды, әр жыл сайын біз алмаларды жинап,
балалар онкология орталығына жібереміз, – деді Мирас мектебінің 11-ші сынып оқушысы Ақсұлу.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.