Мультфильм түсіру үшін бюджеттен 350 млн теңге бөлінді
Қазақстанда бюджеті 350 млн теңгені құрайтын жаңа мультфильм жарыққа шығады.
Бұл ақпаратты Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қазақстандық мультипликаторлармен кездесу барысында айтты.
Толықметражды мультфильм – «Ашина. Көкбөрілер туралы аңыз» деп аталады. 2024 жылдың басында жарыққа шығады деп жоспарланған анимациялық фильмнің жалпы бюджеті — 350 миллион теңге.
Дәурен Абаев «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылатынын мәлімдеді.
– Қазақстандық анимация ренессансты бастан кешуде. Біз креативті шешімдерді ұсына білетін, заманауи, қызықты өнім жасайтын талантты жастарға қолдау көрсетеміз. Жуырда біз жаңа жобаларға серпін беріп, жас мультипликаторлардың біліктілігін арттыру мақсатында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін құрдық. Біздің басты талабымыз – балалар үшін сапалы, қызықты, лайықты мультфильмдерді шығару, – деді Абаев.
Фото: Mast news

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.