Нүкенованың өлімі: Уәлихан Бишімбаев үндеу жасады
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев үндеу жасап, ұлының қасақана адам өлтіру ниеті болмағанын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Ертісбаев Live YouTube арнасында жарияланған бейнежазбада айтылғандай, ол әке ретінде ұлы үшін қатты уайымдайтынын, бірақ оны ақтамайтынын жеткізді.
– Отбасымның атынан Нүкеновтер отбасына қайғыра көңіл айтамын. Бұл — орны толмас қайғы. Өздеріңізге білетіндей, 9 қараша күні қайғылы жағдай болды. Нүкеновтер қызын жоғалтса, біз келінімізді жоғалттық. Ұлымыз тергеуде. Бұл жағдай болғаннан бастап, БАҚ-та шыққан жаңалықтарға талдау жүргізіп келемін. Журналистер мен блогерлер жазбасын оқып жүрмін. Әр азаматтың сөз еркіндігі бар, бірақ қоғамды тергеудің жария етілмейтін құпиялығына назар аудару керектігін еске саламын. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша соталды тергеу ісі жария етілмейді, – деді Уәлихан Бишімбаев.
Сондай-ақ ол ата-ана ретінде ұлының адам өлтіргісі келмегеніне сенетінін айтып, БАҚ өкілдері мен блогерлерге жүгінді. Ол тек расталған ақпаратты таратуды сұрады.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.