НАТО әскери-саяси одағы кеңейеді - Exclusive
Поддержать

НАТО әскери-саяси одағы кеңейеді

Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ның әскери-саяси блогына кіру туралы өтінішін қабылдады.

REUTERS агенттігінің хабарлауынша, Мадридтегі НАТО Саммиті басталғанға дейін төрт сағаттық келіссөздерден соң елдер бір-бірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша келісімге келді. Енді Хельсинки мен Стокгольм одаққа кіруге өтініш бере алады.

– Біздің сыртқы істер министрлеріміз Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруін қолдайтынын растайтын үшжақты меморандумға қол қойды. Бұл процесстегі нақты қадамдарды НАТО одақтастары келесі екі күнде келіседі, – деді Финляндия президенті.

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО-ның 30 көшбасшысы қазір Ресеймен 1300 шақырымдық шекарасы бар Финляндияны және Швецияны НАТО-ға кіруге шақыратынын растады. Бұл елдер «шақыру» мәртебесін алады.

Агенттіктің ақпараты бойынша, келісімді ратификациялау процесі бір жылға дейін созылуы мүмкін.

Еске салайық, 18 мамырда Финляндия мен Швеция Ресейдің Украинадағы әскери операциясының басталуына жауап ретінде НАТО-ға кіруге өтініш берді. Түркия Стокгольм мен Хельсинкидің Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясына (РПК) қатысты ұстанымына байланысты бұл процесті тоқтатқан еді.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *