English version

Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесті

Контекст дня — 20 декабря 2023 17:50
0 -1

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу бейресми бағытта өткен, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Владимир Путинмен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездескені туралы ақпаратты Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растады. Песковтың айтуынша, кездесу демалыс күндері Мәскеуде өткен (16-17 желтоқсан).

– Ол (Назарбаев – ред.) Мәскеуде болды және оның президентпен кездесуі жеке өтті, – деді Песков ресейлік журналистердің сұрағына жауап беріп.

Еске салайық, желтоқсан айының басында Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге өз кітабын сыйға тартқан еді. Дмитрий Песков кітаптың Путиннің қолына тиетініне уәде берді.

Фото: elbasy.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.