Назарбаевтың «Менің өмірім» атты кітабы жарық көрді
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім» атты кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабын «Меломан» және «АлматыКітап» дүкендер желісінен табуға болады, – деп жазды Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
Zlobtate мәліметі бойынша, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемуарын 5 980 теңгеге сатып алуға болады.
Айта кетейік, 2012 жылдан бастап 1 желтоқсан ҚР тұңғыш президенті күні болып есептелетін еді. Былтыр мемлекет басшысы заңнамаға түзету енгізіп, демалыс күні алынып тасталды.
Фото: twitter.comAidos_Ukibay
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.