«НеМолчи.kz» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәріге іздеу жарияланды
Ішкі істер министрлігі «НеМолчи.kz» қорының жетекшісі Дина Таңсәріге іздеу жариялады. Іздеу туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының сайтында жарияланған, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Өскемен қаласының полиция басқармасы Дина Таңсәріні іздеумен айналысады.
– Туған күні: 21.02.1969, жынысы: әйел, Қазақстан Республикасының азаматы, қазақ. Іздестіру ісі 27.12.2023 «Шығыс Қазақстан облысы өңірде тіркелді». Бастамашы: ҚР ІІМ. Іздестіруді жүргізетін орган: Өскемен қаласының полиция басқармасы, – деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, «НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәрі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген еді.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.