Қоғамға қауіпті, тәртібі қиын балаларды чиптеу керек – депутат
Мәслихат депутаты Гүлжайна Дәримова тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға микрочип енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларды кешкі уақытта тексеру керек немесе чиптеу керек. Себебі түнде олардың қайда жүргенін білмейміз. Балаларды есепке қойып, тексеру керек. Егер үйінде жоқ болса, бірден арнайы бөлімшеге немесе интернат па сондайға жіберу керек, – деп жазды депутат Instagram парақшасында.
Айта кетейік, депутат өзінің бұл жазбасын Павлодарда 13 жастағы жеткіншектің соққыға жығылуымен байланыстырады. Мектеп оқушысын 10 жеткіншек 3 сағат бойы қинаған. Соққыға жыққан. Депутат баланың қабырғасы мен тісі сынып, басқа да дене жарақатын алғанын атап өтті.
Фото: instagram.com/gulzhainadarimova777
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.