Орталық Азия елдерінің президенттері кездесу өткізеді
Орталық Азия елдерінің барлық президенттері 20-21 шілдеде Ыстықкөлге барады. Шолпан-атада мемлекет басшыларының консультативтік кездесуі өтеді.
Кездесуде мемлекет басшылары өңірлік қауіпсіздіктің сын-қатерлеріне бірлесіп ден қою жөніндегі өзара іс-қимылды нығайтуды, экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты кеңейтуді талқылайды.
ОА елдері арасындағы достықты, тату көршілікті және ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Садыр Жапаров кейбір елдердің көшбасшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.
– 20-21 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына (Қырғызстан) барады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет