English version

Қосанов президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді

Контекст дня — 10 октября 2022 16:35
0 -1

Журналист, саясаткер, 2019 жылғы президент сайлауына қатысқан Әміржан Қосанов 2022 жылы өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді.

– 2022 жылғы Қанды қаңтар менің алаңдаушылығымды растап шықты. Сол кезде мен елде дүрбелең бола қалса, ішкі және сыртқы қауіптер өршіп, мемлекеттігімізден айрылып қалуымыз мүмкін дегенді айтып едім. Осы жолы да сондай қауіп бар. Халықтың әбден шаршағаны рас. Күн көру қиындап барады. Тоқаев жақсы бастамалар көтергенімен, тапсырмалары орындалып жатқан жоқ. Сайлаудың өзі күлкілі сипат алып бара жатыр. Ел ызалы, әбден ашынған, таусылған. Осының бәрі бір күнде бұрқ ете қалуы мүмкін.

Сайлау нәтижесі жарияланар күні саяси тартыстың апогейіне айналып, ел ішіне іріткі салар әртүрлі ұрандар көтеріліп, толқулар болуы ықтимал. Оның үстіне, антитоқаевшыл күштер ел ішіндегі наразылықты өз мүддесінде пайдаланып, антиқазақтық, антимемлекеттік сипат алып, бір күннің ішінде шаңырағымызды төңкеріп тастауы мүмкін! Жағдайдың бір ерекшелігі сол: оппозициялық позиция ұстанған кез келген кандидат ел қолдауына ие болары сөзсіз. Ал билік сайлау нәтижесін бұрмаласа, қарсылық одан бетер өршіп кетері анық. Өкімет болса, билікті өз қолымен бере қоймас. Сол кезде Қанды қаңтар қайталануы әбден мүмкін! Елімнің, халқымның амандығы – мен үшін басты мұрат! Сондықтан мен сондай қауіпті, елдің іргесін шайқалтар дүмпудің бір себебі болғым келмейді, – деп жазды Әміржан Қосанов Facebook парақшасында.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленді. Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев 21 қыркүйекте қол қойды.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.