Ya Metrika Fast


English version

Қостанайда қонақ үйдегі өрт салдарынан әйел қаза тапты

Контекст дня — 30 декабря 2023 17:30
0
Изображение 1 для Қостанайда қонақ үйдегі өрт салдарынан әйел қаза тапты

Қостанайдағы қонақ үйлердің бірінде өрт шығып, әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– 30 желтоқсанда Қостанай қаласы, Дружба кентінде екі қабатты «Жібек жолы» қонақ үйінің ғимаратында өрт шықты. Өрт туралы хабарлама сағат 11.00-де келіп түсті, – деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндіру кезінде әйелдің мәйіті табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, өрттің туындау себептері тексеріледі.


Өрт 13.18 ауыздықталды. Өрт сөндіру жұмысына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен 13 техника, полиция департаментінің қызметкерлері және төрт техника, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен техника бірлігі жұмылдырылған.

Фото: Костанайские новости


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.