Қостанайдағы жарылыс: ТЖД 1 қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарды
Бүгін Қостанайда бір қабатты тұрғын үй ғимараты жарылып, жеті адам үйінді астында қалғаны және бір адамның көз жұмғаны туралы ақпарат жарияланған еді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 1 адамның мәйіті табылды деген ақпараттың қате кеткенын айтып, жарылыс салдарынан қаза тапқандар жоқ екенін мәлімдеді.
Exclusive.kz жарылыс туралы ақпарат таратты. Қазіргі уақытта апатты жағдайдан 11 адам жараланып, ауруханаға түскен.
Фото: «Наша газета» телеграм-каналы
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.