Ozon Қазақстандағы ең ірі логистикалық хаб құрылысын бастады
Бүгін Алматы облысының Қарасай ауданында Ozon маркетплейсінің электронды сауда саласындағы Қазақстандағы ең ірі логистикалық кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Алматыдағы нысанның бірінші кезегінің құрылыс алаңында символикалық алғашқы тасы қаланды. Жыл бойы мұнда жалпы ауданы 42 мың шаршы метрді құрайтын Қазақстандағы ең ірі қойма кешені пайда болады.
Жаңа кешен құрылысына тартылатын инвестиция көлемі 15 млрд теңгені құрайды. Аймақта компания бизнесінің дамуына қарай Ozon нысанның екінші және үшінші кезегін іске қосуды жоспарлап отыр.
Жаңа логистикалық хабты іске қосу компанияға Қазақстандағы сатушылар мен сатып алушылардың маркетплейс қызметтеріне деген өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыруға көмектеседі. Алматыдағы Ozon фулфилмент орталығы тауарларды сақтауға қабылдаудан бастап сәлемдемені жасаудан және оны клиентке жіберуге дейін жергілікті сатушылардың онлайн тапсырыстарын «дайындаудың» толық циклін жүзеге асыратын болады.
– Логистикалық нысан құрылысы – біздің жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға салған инвестициямыз. Орталық ашылғаннан кейін еліміздің түрлі өңірлерінің өндірушілері маркетплейсте сатуға арналған тауарларды тезірек және арзанырақ табыстап, сонымен қатар компания ТМД аумағында жұмыс істейтін барлық елдерге Ozon күшімен жеткізе алады. Нысанның бірінші кезегінің іске қосылуы өңірде 2 000 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді деп күтеміз, – деп түсіндірді Ozon компаниясының Қазақстандағы бас директоры Мөлдір Рысалиева.
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.