Петиция: Қазақстандықтар Мәди Ахметовтің отставкаға кетуін талап етті
Қазақстандықтар жаңа қызметке тағайындалған Мәди Ахметовтің отставкаға кетуін талап етіп, петицияға қол жинап жатыр. Петиция «Alash» сайтында жарияланған, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Петицияға қол қойған 360-қа жуық адамның 355-і Ахметовтың отставкаға кетуін талап етті. Петиция мәтінінде оның Алматыда Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынғаны туралы айтылған. Сондай-ақ кейін президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырғаны да жазылған.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда белгілі болғандай ол Алматы облысының жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.
Фото: Мәди Ахметовтің инстаграм парақшасынан алынды
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.