English version

Полиция қызметкерлері Мұхтар Тайжанды үйінен алып кетті

Контекст дня — 12 апреля 2023 13:30
0 -1

Саясаткер, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанды полиция қызметкерлері үйінен алып кетті. Бұл туралы Мұхтар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Достар, полиция үйіме келіпті, әкетіп бара жатыр 488 бабымен. 09.04.23 митинг үшін. Алаңдамаңыздар, жауапкершілікке дайынмын деп айттым, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

9 сәуір күні сайлаудың ресми нәтижесімен келіспеген «Халық Парламентінің» өкілдері митинг өткізген еді.

Айта кетейік, Мұхтар Тайжан бүгін түскі уақытта «Халық Парламентінің» мүшелері Жаңаөзен мұнайшыларының жағдайына байланысты баспасөз-маслихатын өткізіп, мәлімдеме жасайтынын хабарлаған еді.

Коллаж: Exclusive.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.