Президент Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды
Рустам Баялиев ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 2023 жылдың 28 желтоқсанында Ерлан Оразбай Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылған еді.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.