Президент Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ерлан Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды, – деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 2019 жылдың 26 желтоқсанында Ерлан Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалған еді.
Фото: sputnik
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.