Президент пен мемлекеттік органдарға деген сенім төмендеуде - Exclusive
Поддержать

Президент пен мемлекеттік органдарға деген сенім төмендеуде

Qalam қоры мемлекеттік органдарға деген сенім рейтингісі туралы кезекті сауалнама жүргізген еді. Өкінішке қарай, соңғы үш ай көлемінде бұл үрдіс жақсы жаққа өзгерген жоқ. Жұртшылық бойында күмән туындап, басым көпшілігі «күте тұрайын» позициясына көше бастаған немесе билікке деген сеніміне сезіктене түскен. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл қоғамдағы наразылық көңіл-күйінің артқанын көрсетіп отыр.  Дегенмен, халық референдумға өте белсенді қатыспаса да, жалпы алғанда мұны  оң бағалайтынын көруге болады.

Сенім рейтингіне жүгінсек, Президент әлі де болса көш басында тұр, алайда  2022 жылдың басындағы нәтижемен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 54%-дан 48%-ға дейін төмендеді. Мұнымен қоса, тек 15%-ы ғана оған толықтай сенеді, бұл бұрынғы позициялардан едәуір төмен, яғни – 38%.

Тұрғындардың 14%-ы Президентке мүлдем сенбейді. Бұрын бұл көрсеткіш 8%-дан аспайтын.  Халықтың «дұрыс жағдайды» естіп қана қоймай, оның іс жүзінде жүзеге асырылып жатқанын көргісі келетіні анық.

Егер респонденттердің ұлттық сенім шкаласына қарайтын болсақ, өткен зерттеу деректері бойынша, Президентке қазақтардың 42%-ы, орыстардың 35%-ы, өзге ұлттардың 23%-ы сенім білдірген. Қазіргі уақытта оған қазақтардың 59%-ы, орыстардың 31%-ы және өзге ұлттардың 10%-ы сенім артады.

Егер әрбір ұлттың арасында сенімнің бөлінуін қарастыратын болсақ, онда Қазақстанда тұратын орыстардың арасында, яғни орыстардың жалпы санының 20%-ы Тоқаевқа арқа сүйейтінін, ал 13%-ы оған сенімсіздікпен қарайтынын көруге болады. Қазақтардың арасында бар болғаны 13%-ы ғана Мемлекет басшысына толықтай сенеді, ал 15%-ы түбегейлі қарама-қайшы көзқарастарға ие. Тоқаевың басқару билігіне сенбейтіндерге қарағанда (14%), оған  толықтай сенетін өзге ұлт өкілдерінің саны көбірек (19%).

1-сурет. Ұлттық белгісіне қарай Президентке сенім білдіру

Егер гендерлік бөлікке зер салып, салыстыратын болсақ, онда қазір Тоқаевқа әйелдерден гөрі ер адамдар көбірек сенім артады. Осылайша, оған ерлердің 36%-ы және әйелдердің 31%-ы сенім білдіреді. Ерлер мен әйелдердің толықтай сенімі сәйкесінше 15% және 16%-ға тең.

2-сурет. Гендерлік белгісіне қарай Президентке сенім білдіру

Президенттің өңірлердегі рейтингісінің  қалыптасуы қызық. Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласында Мемлекет басшысына толық сенетін респондент жоқ, Атырау облысында тек сауалнамаға қатысқандардың 1% ғана Президентке сенім артады. Сондай-ақ, бұл облыстарда Қасым-Жомарт Кемелұлына мүлдем сенбейтіндердің пайызы жоғары.

3-сурет. Өңірлердегі Президентке деген халық сенімі

Мәселен, Атырау облысында наразы адамдардың үлесі 38%-ға, Маңғыстауда 35%-ға, Жамбылда 36%-ға жетіп отыр. Бұл өңірлерде Тоқаевқа толық сенім артатындар жоқ дегенді білдіреді.

Президенттің Алматыдағы рейтингісі төмен күйінде қалып отыр, яғни  22%-дан 8%-ға төмендеген. Сондай-ақ, Президенттің Ақтөбе облысындағы рейтингісі де жоғары емес, алайда өткен кезеңде бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары болған еді. Аталған кезеңде қанағаттанбағандар мен қанағаттанғандардың арақатынасы 28%-дан 7%-ға дейінгі аралықты құрап отыр.

Түркістан облысын бейтарап көзқарастағы облыстар қатарына жатқызуға болады. Облыста Президентке толық сенім артатын тұрғындардың жоқтығына қарамастан, халықтың 40%-ы Мемлекет басшысына қатысты бейтарап күту позициясын ұстанады.  Қостанай облысында да осындай жағдай қалыптасқан,  халықтың 57%-ы бейтарап көзқараста, 7%-ы Тоқаевқа сенбейді, 12%-ы оған толық сенеді.

Облыс орталығы мәртебесі берілгеннен кейін, Семей қаласы тұрғындарының рейтингісі арта бастағанын айта кету керек: рейтинг 27%-дан 31%-ға дейін өсіп отыр. Рейтинг СҚО-да 26%-дан 44%-ға дейін және Батыс Қазақстан облысында 29%-дан 32%-ға дейін өсті.

БҚО, СҚО және Ақмола облыстарында Президентке мүлдем сенбейтін респонденттер жоқ.

Одан кейінгі орындарды Парламент (38%) пен Үкімет (37%) иеленеді, олар сенім дәрежесі бойынша да, сенімсіздік деңгейі бойынша да шамамен бірдей деңгейде.

Әкімдіктер бұрынғыша анти-лидер тізімінде қалып отыр. Ел тұрғындары Ұлттық Банкке де онша сене бермейді, 40%-ы құрылымға сенімсіздік танытса, халықтың 35%- ы оған сеніммен қарайды.

Парламент пен Үкімет

Парламентке деген сенім деңгейі екінші орында қалды – 38% (толық сенімнің 11%-ы). Егер тұтастай алғанда, жалпы сенім көрсеткіштері небәрі 6%-ға төмендеген болса, онда толық сенім көрсеткіші 2,5 есеге төмен түскен. Өткен кезеңнің нәтижелері бойынша, 44%-ы Парламентке сеніммен қараса, 28%-ы оның іс-әрекетіне толықтай сенген, алайда қазір мұндай мемлекеттік органға халықтың тек 11%-ы ғана толық сенеді.

Бұдан әрі сенім шкаласы бойынша келесі орында Үкімет (37%) пен Ұлттық Банк (35%) тұр. Азаматтардың 11%-ы мұндай құрылымдарға толық сенеді. Өткен кезеңнің қорытындысы бойынша, сенім деңгейі бірдей болып, 42%-ды құрады. Сәйкесінше, Үкіметке қарағанда, Ұлттық Банкке деген сенім айтарлықтай төмендеді.

4-сурет. Қазақстан Республикасында жалпы алғанда мемлекеттік билік органдарына деген сенімнің бөлінуі

Тұрғындардың Парламент пен Үкіметке деген көзқарасы ұқсас келеді. Халықтың Үкіметке деген сенімі төмен, бірақ арадағы айырмашылық шамалы. Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облыстарында Парламентке деген халық сенімі төмен, онда Парламент депутаттарына сенім білдірушілер жоқ. Бұл аймақтарда Үкіметке сенбейді. Мұнымен қоса,  бұл облыстарда Үкіметке деген сенім сәл жоғары, өйткені мұндай құрылымдарға мүлдем қанағаттанбайтындар саны аз. Мәселен, Жамбыл облысында халықтың 24%-ы Парламентке және 21%-ы Үкіметке сенбейді. Маңғыстау облысында – 30% және сәйкесінше – 26%, Түркістан облысында –17% (Парламентке) және 18% (Үкіметке) сенбейді.

Сондай-ақ, Парламенттің жұмысына Атырау облысында тұрғындардың (1%), Алматыда (4%) және Алматы облысында (4%), Ақтөбе облысында (6%)  көңілі толмайды. Атырау облысында респонденттердің 3%-ы, алматылықтардың 4%-ы, Алматы облысының 6%-ы, Ақтөбе облысының 15%-ы Үкіметтің жұмысына қанағаттанған. Ақтөбе облысында барлық билік институттарына деген сенім айтарлықтай төмендеген. Мәселен, бұған дейін Ақтөбе облысында сенім деңгейі 51%-ды құраған еді.

СҚО-да (55%) және Қызылорда облысында (49%) депутаттарға көбірек сенім білдіреді. СҚО көрсеткіштері 11%-дан 55%-ға дейін айтарлықтай өсті, Парламент пен Үкіметке деген сенім деңгейі нығайды.

Әкімдерге деген сенім деңгейі барлығынан да төмен

Өткен жолғы тәрізді, қазақстандықтардың 31%-ының әкімдер институтына сенімі аз, бұл ретте бар-жоғы 10% ғана оған толықтай сенім білдіреді. Тұрғындардың 45%-ы әкімдіктерге сенбейді, осы орайда толық сенімсіздік деңгейі 18%-ды құрайды. Бұл біздің ойымызша, өңірлерде кезекті наразылық көңіл-күйінің пісіп-жетілгенін көрсетеді.

Өткен зерттеу кезеңімен салыстырғанда, әкімдіктерге деген сенім деңгейі 9 тармаққа төмендесе, бұл ретте толықтай сенім дәрежесі 2,4 есеге немесе 14%-ға қысқарған. Бұл көрсеткіштер жергілікті басқару органдарында айтарлықтай өзгерістердің болмағанын білдіреді. Жергілікті билік өкілдері қоғам алдында мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіруді тоқтата алмай отыр. Президент Әкімшілігі бұл бағытқа жедел назар аударып, әкімдер лауазымын сайламалы етіп, белсенділердің пікіріне құлақ асуы керек.

Бір қызығы, ШҚО әкімі Даниал Ахметовке деген сенім деңгейі 2%-дан 8%- ға дейін көтерілді. Семей қаласы мен облыс тұрғындары өз әкімдіктерінің жұмысын 9%-ға бағалады, осылайша рейтинг алдыңғы зерттеумен салыстырғанда тұрақты болып қала берді.

Атырау (1%), Алматы (4%) облыстарының, Нұр-сұлтан қаласының (5%) және Қостанай облысының (9%) әкімдерінде анағұрлым төмен рейтинг қалыптасып отыр. ШҚО және Семей қаласының әкімдіктерімен қатар, бұл облыстардың барлығы 10%-дан төмен сенім деңгейінде қалғанын көреміз. Қалған өзге облыстарда сенім деңгейі 30%-дан төмен, дегенмен 10%-дан жоғары.

Алайда, Қостанай облысында бейтараптылықты ұстанғандардың пайызы жоғары – 57%, ал 13%-ы әкімге және оның командасына мүлдем сенбейді.

Алматы қаласы әкімінің де рейтингісі төмен күйде қалып отыр (3%). Өткен кезеңмен салыстырғанда, онсыз да төмен рейтинг тағы 2%-ға төмен түсті. Бәлкім, алматылықтар Е.Досаевтың еңбегін бағалап үлгермеген болар. Бұл ретте сұрау салынғандардың үштен бірі (33%) жаңа әкімге сенімсіздік танытқан.

Осы жолы ең жоғары сенім рейтингісі Солтүстік және Оңтүстік облыстардың әкімдеріне тиесілі: СҚО – 47% және Қызылорда облысы – 41%, бұл көрсеткіш алдыңғы 36%-дан біршама өсті. Дегенмен, жалпы алғанда, Үкімет пен Парламенттің рейтингтерімен салыстырғанның өзінде, әкімдер институтына деген сенім көрсеткіші төмен күйінде қалып отыр.

Ұлттық Банк

Халықтың Ұлттық Банкке деген көзқарасы жұмыстың жақсарғанын қалайды, алайда Ұлттық банктің қайтадан «анти-лидерлер» тізіміне енгеніне қарамастан, біртіндеп тәуір нәтиже көрсетіп келеді. Құрылымға деген сенімнің жалпы рейтингісі Парламент пен Үкіметке қарағанда төмен, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 24,5%,-ға төмендеген, ал қазіргі көрсеткіш 35%-ды құрайды. Сенім деңгейінің 10,5%-ға артуы Ұлттық Банктің осы уақыт ішінде қазақстандықтардың көз алдында позициясын нығайта алғанын көрсетеді.

Ұлттық Банкке Солтүстік Қазақстан облысында – 57%, Қызылорда облысында – 40% және Батыс Қазақстан облысында – 32% көбірек сенім артады. Ең төменгі сенім деңгейі – Алматы облысында – 3%, Алматы қаласында – 4% және Нұр-сұлтан қаласында – 4%. Семейде Ұлттық Банкке деген сенім деңгейі 11,5 есеге артып, 23%-ды құрады (бұрын бар-жоғы 2% болған).

Жалпы, барлық билік институттарына деген сенім ауқымы алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда, төмендеді деп айта аламыз. Естеріңізге сала кетейік, 30%-дан төмен сенім деңгейі кез келген мемлекеттік орган үшін сын ретінде қарастырылады. Демек, қоғамның  билікке деген сенімі күмән тудырады. Қоғамның «буферлік» бейтарап қабаты әлі де бар, ол дұрыс жауап бере отырып, сенімді нығайтады, сенім білдірушілердің қатарын толықтыра алады. Сондай-ақ, олар «қазақстандық мемлекеттік құрылымдарға сенім артуға болмайды, бұл айтарлықтай жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін» деген пікірді нығайта алады.

Сауалнамаға Қазақстан бойынша 14 облыстан, сондай-ақ өңірлік маңызы бар 3 қаладан: Алматыдан, Нұр-Сұлтаннан, Шымкенттен 2500 адам қатысты. Сауалнама бетпе-бет сұхбат (face to face) әдісі арқылы жүргізілді.

Таңдамалы жиынтық негізінде:

– 62% қала тұрғынынан және 39% ауыл тұрғынынан;

– 18 бен 83 жас аралығындағы 47% ер адамдар мен 53% әйелдерден;

– 68% қазақтардан, 24% орыстардан, сондай-ақ 8% басқа ұлт өкілдерінен сауалнама алынды.

Қызмет түрі бойынша респонденттердің 30%-ы жеке секторда жұмыс істейтіндер, 24%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 19%-ы мемлекеттік қызметшілер, 13%-ы зейнеткер, 9%-ы студент. Үй шаруашылығындағы респонденттердің табыс деңгейі былайша бөлінді: 46%-ның отбасының бір мүшесіне шаққанда, 50-ден 100 мың теңгеге дейін, 33%-ның 100-ден 150 мың теңгеге дейін, 14%-ның 150 мың және одан да жоғары табыс көзі бар. Респонденттердің 4%-ы өз кірістерін атауға қиналды, 3%-ы жауап беруден бас тартты.

Сұрау салынғандардың білім деңгейі: жартысынан көбі жоғары (51%) және толық емес жоғары (9%) білімге ие, сұралғандардың 27%-ы арнайы орта білім алған. Респонденттердің 2%-ның ғылыми дәрежесі, қалған 11%-ның орта білімі бар.

Алдағы уақытта, яғни 6 шілдеде біз Елбасының туған күніне орай, тұрғындар арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындыларын жариялаймыз.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.