Путин Тоқаевтың аты-жөнін айту кезінде тағы да қателесті
19 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді.
Кездесуде мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.
– Геосаяси жағдайдың ерекшелігі үкіметтерімізге қосымша нұсқаулар беру үшін келісіп алу қажет екенін көрсетіп отыр. Олар бір-бірімен табысты қызмет етіп келеді. Дегенмен өмірдің өзі жаңа міндеттер қояды және олар шешуді қажет етеді. Жалпы, біздің ынтымақтастығымыздың дамып келе жатқанына қанағаттануға толық негіз бар. Мен бұл тұрғыда сізбен келісемін. Бізді ортақ шекара біріктіреді. Ол – әлемдегі ең ұзын, құрлықтағы толығымен делимитацияланған шекара. Біздің ынтымақтастығымыздың болашағына қатысты пессимистік болжамдар жасауға, әрине, негіз жоқ! Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретінде барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастығымызға қосымша серпін беруге ниеттімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Путин шақыруын қабыл алған Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, мемлекет басшысының аты-жөнін айту кезінде тағы да қателесті.
– Құрметті Қасым-Жомартович Кемелович шақыруымды қабыл алғаныңызға рақмет. Біз екеуіміз үнемі кездесіп тұрамыз. Жақында ғана жүздескен едік, бірақ Сочиде кездесуге келістік, – деді ол.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімін бірінші рет шатастырып отырған жоқ. Қаңтар айында өткен ҰҚШҰ отырысы кезінде ол Қазақстан президентін «Кемел Жомартұлы» деп атады. Бұл туралы ресейлік БАҚ ақпарат таратқан.
– Кемелжемелович сөз сөйледі, – деді Ресей президенті Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысында.
Фото: ашық дереккөз
1 Комментарий
Мозги у путина потихоньку отключаются!