Путин Запорожье және Херсон облыстарын тәуелсіз деп таныды - Exclusive
Поддержать

Путин Запорожье және Херсон облыстарын тәуелсіз деп таныды

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Запорожье және Херсон облыстарының тәуелсіздігін мойындау туралы Жарлықтарға қол қойды.

Жарлықтарда бұл шешім халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес, БҰҰ Жарғысында бекітілген халықтардың теңдігі мен өзін-өзі анықтауы деп айтылған. Екі жарлық та жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

22 ақпан күні Ресей өзін Донецк Халық Республикасы және Луганск Халық Республикасы деп жариялаған мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындады. 23-27 қыркүйек аралығында ДХР және ЛХР, сондай-ақ Ресей әскери күштері басып алған Запорожье және Херсон облыстарының аумақтарында Ресейге қосылу референдумдары өтті.

Жергілікті сайлау комиссияларының мәліметінше, ДХР халқының 99,23%, ЛХР халқының 98%, Херсон облысы халқының 87%, Запорожье облысы халқының 93% дауыс берген.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.