«Qaitalanbasyn»: Алматыда қаңтар оқиғасы туралы фильм түсіріліп жатыр - Exclusive
Поддержать

«Qaitalanbasyn»: Алматыда қаңтар оқиғасы туралы фильм түсіріліп жатыр

Алматыда қаңтар оқиғасы туралы Qaitalanbasyn кинокартинасының түсірілімі өтіп жатыр. Фильмнің бас продюсері – Анар Жүнісова. Прокатқа шықпаған фильм қоғамда дүрбелең туғызды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Анар Жүнісова әлеуметтік желінің кейбір қолданушылары фильм туралы ақпаратты тым саясиландырып жібергенін атап өтті. Сондай-ақ фильмнің тақырыбын таңдауға не себеп болғанын айтты.

– Олар бір ғана кадрды көріп, осы кадрдың негізінде шу шығарды. Әлі түсірілмеген фильмді қалай сынауға болады? Фильмнің түсірілім тобын бес жас режиссер басқарады, олардың төртеуі дебютант. Бұл негізінен эксперимент. Неліктен мұндай тақырып алынды? Өйткені бұл біз үшін өте өзекті, – деді Жүнісова.

Кинорежиссерлер фильм түсіріп, қандай нәтиже шығатынын көруді жоспарлап отыр. Кейбір адамдар фильмнің жасырын түрде түсіріліп жатқанын айтады.

– Бізде фильм түсіретін орындарға қатысты мәселе болды. Бұл комедия емес, қаңтар оқиғасы туралы фильм. Адамдарда қорқыныш бар, олар пәтерлері мен үйлерінде түсірілім жасауға келіспейді. Өйткені олар ертеңгі күннее қорқады. Біз оларды түсінеміз, – деді продюсер Zakon.kz сайтына берген сұхбатында.

Фото: Zakon.kz

https://t.me/kzexclusive




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *