«Әр жанұяға жақсылық тілеймін»: Назарбаев сайлауда дауыс берді
                                            Қазақстанда бүгін кезектен тыс мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтіп жатыр. Мәжіліс сайлауымен бір мезгілде мәслихат депутаттарын да сайлау өтеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Астанада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді. Дауыс беріп болған соң ақ тілегін жаудырған Назарбаев журналистердің сұрағына жауап берместен кетіп қалды.
Сағат 10:10-дегі дерек бойынша сайлаушылардың 14,21% дауыс берді. Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 15,13 %
 - Ақмола облысы бойынша – 15,61 %
 - Ақтөбе облысы бойынша – 12,44%
 - Алматы облысы бойынша – 15,32 %
 - Атырау облысы бойынша – 12,94 %
 - Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,96 %
 - Жамбыл облысы бойынша – 16,54%
 - Жетісу облысы бойынша – 15,93 %
 - Қарағанды облысы бойынша – 16,31 %
 - Қостанай облысы бойынша – 16,23 %
 - Қызылорда облысы бойынша – 12,64%
 - Маңғыстау облысы бойынша –12,36 %
 - Павлодар облысы бойынша – 16,49 %
 - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 15,93 %
 - Түркістан облысы бойынша – 15,62%
 - Ұлытау облысы бойынша – 16,38 %
 - Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 16,11 %
 - Астана қаласы бойынша – 13,58 %
 - Алматы қаласы бойынша –8,51 %
 - Шымкент қаласы бойынша – 12,57%
 
Фото: sputnik
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.