Ресей Қазақстанға жұмыртқа жеткізуді арттыру бойынша өтініш жасады
Ресей Қазақстанға сауда желілеріне тауық жұмыртқасын жеткізуді арттыру туралы өтінішпен жүгінді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Ресей тарапы Қазақстанға Ресейдің сауда желілеріне тауық жұмыртқаларын жеткізуді арттыру туралы өтініш жасады. Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрлігіне мәселені қысқа мерзімде қарауды және қазақстандық өнімді Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарына жеткізуді арттыру мүмкіндігін іздеуді тапсырды. Сондай-ақ, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерінде шешім қабылдауда икемділік қажет екенін атап өтті, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, тараптар жағдайды тезірек шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға келісті. Бұл келіссөздер ЕЭК Кеңесінің отырысы қарсаңында Мәскеудегі екіжақты кездесу шеңберінде жалғасады.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.