Ya Metrika Fast


English version

Ресей Ертісбаев секілді сүмелектерге қолдау береді – Шораев

Контекст дня — 16 марта 2023 18:10
0
Изображение 1 для Ресей Ертісбаев секілді сүмелектерге қолдау береді – Шораев

Қазақстан «Халық» партиясы қоғам қайраткері Арман Шораевты сотқа берді. 14 наурыз күні Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Арман Шораевты кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін кінәлі деп таныған еді.

Қазақстан халық партиясының өкілі Нұрия Балтабайқызы жеке басы мен партиясы туралы жалған ақпараттар таратты деп сотқа шағымданған. Сот екі мәрте кейінге шегерілді. Шораевтың өзі бұл шешімге өзін сайлауға түсірмеу үшін жасалған әрекет деп баға берді.

Айта кетейік, Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Батыс санкциясына ілінген ресейлік журналист Владимир Соловьевқа сұхбат беріп, оның пікірлері ел арасында қызу талқыланды.

Exclusive.kz тілшісі Арман Шораевпен сөйлесіп, сайлау алдындағы «арпалыстың» мән-жайын білді.

– Халық партиясының мені сотқа беруі – билік тарапынан тапсырыс. Олардың арызы 2 наурыз күні сотқа түсті. 3 наурызда маған сотқа шақыру туралы хабарлама келді. Ал менің Ертісбаевқа қарсы шағымымды бір аптаға жуық қарады. Бұл бір ғана мысал. Компартия биліктің қуыршағы деп ойлаймын. Сол партия арқылы мені сайлаудан шеттету жұмыстары жүріп жатыр, – деді Шораев.

Шындық пен әділдік біздің жағымызда деген қоғам қайраткері әлі де сайлауға түсу құқығынан айырылмағанын айтты. Сондай-ақ депутат болып сайланған жағдайда Украинадағы соғыс мәселесін Мәжілісте көтеруге дайын екенін жеткізді.

– Мен депутат болып сайланған жағдайда өз ойымды айта аламын. Үкіметке, президентке үндеу жасай аламын. ҰҚШҰ және тағы басқа қауымдастықтардан бас тартуымыз керек деп ұрандаймын. Ең әуелі барлығы ана тілімізде сөйлеуі керек. Біріншіден, қазақ тілін білмейтін азамат депутат немесе әкім, мемлекеттік қызметкен болып сайланбауы тиіс. Екіншіден, Ресейдің үгіт-насихатын жүргізетін арналардың жұмысын тоқтату керек. Әртүрлі өңірде менің бұл ұсыныстарымды қолдайтын азаматтар бар, – деді ол.

– Сізге қарсы түрлі құйтырқы амалдар жасалып жатқанын айттыңыз. Билік сізден неге қорқады?

– Билік менен қорқады. Аманат және де басқа да партиялардың атынан сайлауға түсіп жатқан азаматтардың әрқайсысында компромат бар. Сол арқылы билік олардың үнін шығармай қояды. Депутат боламын дегендердің көбі тәуелді адамдар. Маған қарсы ешқандай айғақтары жоқ, тендерге қатыспаймын, мемлекеттен көк тиын алмаймын. Сондықтан маған қысым жасай алмайды. Мысалы, экс-депутат Ерлан Сайыров деген азамат бар. Сайыров бұрын жемқорлық бабы бойынша сотты болған азамат. Міне, осындай нақты мысалдар бар.


Қаңтар оқиғасының алдында батыстың депутаттары президентке газдың қымбаттағанын жеткізсе, халық қырылмас еді деп жаздыңыз. Қаңтардағы қанды қырғынға депутаттарды да кінәлі деп есептейсіз бе?

– Кінәлілер арасында депутаттар да бар. Қаңтар оқиғасына Нұр Отанның және жалпы биліктің кінәсі бар деп білемін.

Өзіңіз ресейшіл партия деп атаған Ертісбаевтың партиясына кім тіреу болып отыр деп ойлайсыз?

– Ресей тарапынан Россотрудничество, Ресейдің елшілігі өздерінің арам ниетін іске асыру үшін Ертісбаев секілді сүмелектерді қолдайды. Егер компартия сайлауда жеңіске жетсе, біздің билік қазақтарды орыстарға жығып берді деген сөз. Бұл мен үшін Қазақстанның Ресейдің бір колониясы секілді қалғаны болып көрінеді.

– Қазақстан ҰҚШҰ ұйымының құрамынан шығу керек деген пікір айтқан Арман Шораев әскери әлеуетті арттыру үшін түркі елдерімен бірігу керек деп есептейді.

– Біз Путиннің фашистік, агрессорлық режимімен бірге ешқандай бірлескен іс-шара ұйымдастырмауымыз керек. Түркия, Өзбекстан елдерімен бірге дайындық жүргізу керек. Көріп отырғанымыздай Түркияның «байрактары» Ресейдің әскери техникасын талқандап жатыр. Ресей армиясы әлемдік рейтинг бойынша деңгейі төмен. Мысалы, Әзербайжан түріктердің көмегімен өз жерін босатып алды. Меніңше, жыл соңына дейін Украина Ресей басып алған жерлердің 80 пайызын азат етеді. Ресей әскерлері тым-тырақай қашады. Путиннің режимі құлап, Ресей міндетті түрде жеңіледі.

Фото: sputnik


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.