Ресей «Пригожин бүлігі» кезінде Тоқаевтан көмек сұрады ма?
Бірқатар БАҚ-та Ресей және Батыстың арнайы қызметіндегі дереккөздерге сілтеме жасаған Wall Street Journal басылымының «Вагнер» әскери бүлігі кезінде Ресей «Қазақстаннан да әскери қолдау болады деп үміттенген», алайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас тартқан» деген ақпарат тарады.
Президенттің баспасөз хатшысы бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Берік Уәли Tengrinews агенттігіне берген жауабында «Пригожин бүлігі» кезінде Ресей Тоқаевтан көмек сұрағаны туралы «ақпарат шындыққа сәйкес келмейді» деді.
Еске салайық, 2023 жылдың 23 маусымында «Вагнер» ПМК жауынгерлеріне Ресей әскерлерінің шабуылдап жатқанын айтып, оны «әділет шеруі» деп атады. Сондай-ақ бүлік шығаруға шақырды. 24 маусым күні олар Мәскеуге баруды жоспарлаған еді. Бірақ Пригожин Александр Лукашенкомен келіссөздер жүргізіп, ортақ келісімге келді.
23 тамыз күні Тверь облысында Embraer Legacy ұшағы апатқа ұшырап, әуе кемесінде болған Евгений Пригожин де қаза тапты.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.