English version

Ресей әскерге шақыру әрекетін күрт күшейтті

Контекст дня — 21 сентября 2022 15:35
0

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Ресейде әскердің бір бөлігін мобилизациялау туралы шешім жариялады.

– Мен ішінара жұмылдыру туралы ұсынысты қолдау қажет деп санаймын. Еліміз бен халқымызды қорғау үшін біз қолымыздағы барлық қаражатты пайдаланамыз, – деді Путин бейне хабарламасында.

Оның айтуынша, әскер сапына запастағы азаматтар ғана шақырылады.

– Әскери қызметке қазіргі уақытта запаста тұрған және ең алдымен әскери қызмет өткерген, белгілі бір әскери-есептік мамандықтары және тиісті тәжірибесі бар азаматтар ғана шақырылады. Әскери қызметке шақырылған адамдар арнайы әскери операцияның тәжірибесін ескере отырып, міндетті түрде қосымша әскери дайындықтан өтеді, – деді Путин.

Путиннің айтуынша, ішінара жұмылдыру бүгін, яғни 21 қыркүйекте басталады.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.