Ресей әскерінің алғашқы эшелондары Беларуське келе бастады – Ревенко
Беларусь «аймақ тобы» әскерінің тоғыз мыңға жуық жауынгерін орналастырады. Беларусь қорғаныс министрлігі бұл әскер елдің «шекарасын қорғауға қажет» деп мәлімдеді.
– Аймақ күштері құрамына кіретін Ресей әскерінің алғашқы эшелондары Беларуське келе бастады, – деп жазды Беларусь қорғаныс министрлігінің халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің бастығы Валерий Ревенко Twitter парақшасында.
Азаттық мәліметінше, Валерий Ревенко әскер санының тоғыз мыңнан аспайтынын айтқан.
Беларус президенті Александр Лукашенко өткен аптада Беларусь әскері Ресей әскерімен бірге Украина шекарасына орналасатынын мәлімдеген еді.
Ресей әскерінің бір бөлігі Украинаға Беларусь жері арқылы кіргені туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ Беларусь жерінен ұшқан Ресей әскери ұшақтары Украина қалаларын бомбалап жатыр.
Фото: From-UA
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.