Ресей, Түркия, Украина және БҰҰ келісімге қол қойды
Украинаның Инфрақұрылым министрі Александр Кубраков, Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акар және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш астық экспорттау туралы келісімге қол қойды.
Ресей, Түркия, Украина және БҰҰ Стамбулда Украинадан ауылшаруашылық өнімдерін Қара теңіз арқылы экспорттау дәлізін құру туралы келісімге қол қойды.
– Стамбулда әлемдік нарықтарға азық-түлік пен тыңайтқыш жеткізу мәселелерін шешуге бағытталған екі құжатқа қол қойылды. Бұл құжаттар өзара байланысты екенін атап өткім келеді, – деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігінің басшысы Сергей Шойгу.
БҰҰ-ның жоғары лауазымды қызметкері егер тараптар құжаттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдаса, олар үш ай бұрын бір-біріне өз шешімдері туралы жазбаша түрде хабарлауы керек екенін айтты.
Фото: Sputnik
Комментариев пока нет