English version

Ресейде мобилицазия тоқтап, әскерге шақыру науқаны басталды

Контекст дня — 1 ноября 2022 14:30
0 -1

Ресейдің Қорғаныс министрлігі мобилизация тоқтатылғанын мәлімдеді.

Министрлік мәліметіне сәйкес, 31 қазаннан бастап әскери комиссариаттар қалыпты жұмысына оралады.

– Ресей қарулы күштері қатарын толықтыру бойынша әскери комиссариаттардың әрі қарайғы жұмысы келісімшарт бойынша әскерге барғысы келетіндерді қабылдау жөнінде болады, – деп жазылған ресми хабарламада.

Бүгін, 1 қараша күні Ресейде мерзімді әскер қызметке шақыру науқаны басталады.
Биыл әскерге шақыру ішінара жұмылдыру шараларына байланысты 1 қарашаға ауыстырылған.

Биыл 120 мың сарбаз әскери дайындықтан өтеді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5 мыңға аз. Шақыру желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

Фото: DW

Изображение 1 для Ресейде мобилицазия тоқтап, әскерге шақыру науқаны басталды

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.