Ресейде соғысқа шақырылған резервист әскери комисарды атып тастады
Ресейдің Усть-Илимск қаласындағы әскери комиссариатта атыс болды.
Қылмыскер ғимараттың ішінде «ешкім соғыспайды» деп айғайлаған және әскери комитеттің бастығы Александр Елисеевке алты рет оқ атқан. Оқиға бейнежазбаға түсірілді.
Әскери комиссариатта оқ жаудырған азамат ұсталды, ол 25 жастағы жергілікті тұрғын Руслан Зинин болып шықты.
Зардап шеккен әскери комитеттің бастығы Александр Елисеев жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.
Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресейде ішінара соғысқа жұмылдыру жарияланды. Ресей билігі 300 мың резервистті әскерге шақырды.
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.