Ресейліктер туралы мәлімдеме жасаған Украина елшісі қызметінен босатылады - Exclusive
Поддержать

Ресейліктер туралы мәлімдеме жасаған Украина елшісі қызметінен босатылады

Украина СІМ министрлігінен жаңа елші тағайындау туралы өтініш түсті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Оның айтуынша, Украинамен осы мәселе бойынша бізде толық түсіністік бар. Айбек Смадияров екі жақтан да барлық келісімдер орындалатынын атап өтті.

– Украина елшісі Қазақстаннан кетеді. Жақында Украинаның Сыртқы істер министрлігі бізге жаңа елші тағайындау туралы өтініш жіберді. Қазір бұл өтініш қаралып жатыр. Врублевскийдің Сыртқы істер министрлігінде немесе мемлекеттік органдарда кездесулері жоспарланбаған. Осыған байланысты бізде украин тарапымен толық түсіністік бар, екі тарап та өз міндеттемелерін орындады, сондықтан украин тарапынан бізге қатысты сұрақтар жоқ. Елшіні кері қайтару туралы шешімді Украинаның Сыртқы істер министрлігі қабылдады, – деді Смадияров.

Сонымен қатар, ол Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың пікірі Қазақстан мен Ресейдің тең құқылы стратегиялық серіктестер ретіндегі одақтастық қатынастарының сипатына қайшы келетінін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Врублевский орыс этносының өкілдеріне қатысты даулы мәлімдеме жасаған еді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Украина елшісінің пікірі орыстарға қауіп төндіреді деп айыптады. Елші ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақырылды, кейін өз сөздері үшін кешірім сұрады.

4 қазанда Қазақстан елшісі Ермек Көшербаевты Украина елшісі Петр Врублевскийге қатысты Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырғаны белгілі болды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.